Өңірлер

Ақмола облысында жыл басынан бері 328,5 мың шаршы метр тұрғын үй салынған

Ақмола облысында жыл басынан бері 328,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға енгізілген, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Ақмола23 Желтоксан , 09:21

Ағымдағы жылғы 11 ай қорытындылары бойынша облыста ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі - 340,3 млрд теңгені, физикалық көлем индексі 110,3% құрады. Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі бойынша ағымдағы жылы 9,8 млрд теңге сомасына 11 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта 7,2 млрд теңге сомасына 9 жоба іске асырылған. 2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында 328,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.

Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді. ЖЖК аясында 8414 азамат жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 74% (6214) - тұрақты жұмыс орнына.




Яндекс.Метрика