Ұлттың денсаулығы

Қызылорда облысында қатерлі ісік ауруынан қайтыс болу көрсеткіші 21%-ға төмендеді

Биыл Қызылорда облысында қатерлі ісік ауруларына көмек көрсетуді жетілдіру бағытында ауруды ерте анықтау және онкологиялық ауруларға көмек сапасын жақсарту үшін мақсатында 32 мамандандырылған кабинет ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Қызылорда22 Желтоксан , 11:29

Профилактикалық кабинеттермен жабдықтау 45,8%-дан 87,5%-ға, кадрмен қамтамасыз ету көрсеткіші 37,5%-дан 79,1%-ға  жоғарылады.

Сонымен қатар, аудандарда аталмыш ауру түріне анальгетиктердің қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Жыл басынан бері  жоспарланған 70 маманның 90%-ы білім деңгейлерін арттыру курстарынан өтті. Оның ішінде 14 маммолог, 8 онколог қайта даярлаудан өтсе, проктологиялық және қарау кабинеттерінің 40 маманы білімдерін жетілдірді. Қатерлі ісік ауруынан І-ІІ сатысында алғаш анықталғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 24% өскен. Аталмыш аурудың асқынуы 42%-ға, дерттен қайтыс болу көрсеткіші 21%-ға төмендеген.




Яндекс.Метрика