Инфрақұрылымның дамуы

Атырау облысында жыл басынан бері 3 мыңнан астам жаңа пәтер салынды

2016 жылғы қаңтар-қарашада тұрғын үй құрылысына 24,4 млрд. теңге инвестиция жұмсалды, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 2,3% жоғары, деп хабарлады облыстың статистика департаменті.
Атырау22 Желтоксан , 09:48

Барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдар және тұрғындар жалпы ауданы  461,2 мың шаршы метр 3181 жаңа пәтер салды, ол 2015 жылғы   қаңтар-қарашадан 0,5%-ға  жоғары.

«2016 жылғы қаңтар-қарашада Атырау қаласы және Индер ауданынан басқа,  облыстың барлық  аудандарында тұрғын үйдің көлемі 2015 жылғы қаңтар-қарашадағы деңгейден жоғары: Құрманғазы ауданында  –  2,1 есе, Жылыой – 23,2%, Махамбет – 16,5%, Қызылқоға –  9,7%, Исатай – 9,2% және Мақат –  7,7%.  Салынған тұрғын үй көлемінің төмендеуі  Атырау қаласында (7,4%) және Индер ауданында (20,6%) байқалды», - делінген хабарламада.

 Облыста іске қосылған тұрғын үй көлемінде, Атырау қаласы (61,6%), Жылыой (16,1%) және  Махамбет (5,1%) аудандары қомақты үлес салмағына ие.

Облыстағы тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көзін құраған салушылардың меншікті қаражаты болды,  іске қосылған тұрғын үйдің  жалпы көлемінің едәуір бөлігін (79,7%) халық игеріп  отыр.

Тұрғын үй  құрылысының құны. 2016 жылғы қаңтар-қарашада халық салған тұрғын үйдің   1 шаршы метрінің   орташа құны 47,8 мың теңге (2015 жылғы қаңтар-қарашада – 48 мың теңге) болды.

 




Яндекс.Метрика