Халықаралық интеграция

Алматы мен Ташкент сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Ташкент қаласының хәкімі Рахмонбек Усмановпен кездесті. Тараптар сауда- экономикалық және мәдени – гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлады қала әкімдігінің ресмисайты.
Алматы қаласы 21 Желтоксан, 19:23

Кездесу барысында мегаполис әкімі биылғы жылдың 10 айы ішінде Алматы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы тауар айналымының өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 62%-ға артып, 200 млн. АҚШ долларын құрағанын, қалада 129 бірлескен және 236 өзбек кәсіпорындарының жұмыс жасайтындығын жеткізді.

«Алматы – бизнес пен жеке капитал қаласы, мұнда банктердің бас офистерінің 90% -дан астамы орналасқан. Сервис пен сауда ЖӨӨ-нің 86%-ын құрайды, биыл ШОБ-ті несиелеу 36%-ға өсті.Инвесторларды қолдаудың кешенді шаралары жүзеге асуда. Туристік кластерді дамытуға айрықша назар аударылуда, осы ретте Ташкенттің, жалпы Өзбекстанның тәжірибесі біз үшін пайдалы», - деді Б.Байбек.

Өз кезегінде Р.Усманов Алматының қолжетімді баспана салуда қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

«Қазақстанда қолға алынған «Қолжетімді баспана – 2020» өзінің тиімділігін көрсетті. Бұл мәселе Ташкентте барынша акутальді, біз сөз жоқ, бірқатар механизмдерді өзімізге енгізетін боламыз», - деді ол.

Атап өтерлік жайт, осыдан бір ай бұрын Алматы әкімі Қазақстандағы Өзбекстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Икром Назаровпен кездесу барысында өзбекстандық спортшыларды 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиадаға қатысуға шақырған болатын. Осы жақын күндері көрші республика спортшылары Ойындарға қатысатындықтарын растады.

 





Яндекс.Метрика