Үкімет

ҚР Премьер-Министрі Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді

Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысын өткізді.
Нұр-Сұлтан21 Желтоксан , 17:23

Кеңес барысында ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов ірі жол-көлік оқиғалары мен автокөлік жолдарының аса қауіпті учаскелеріндегі апаттардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы есеп берді, деп хабарлады primeminister.kz.

ІІМ-нің деректері бойынша, соңғы үш жыл аралығында автопарктер санының артуына қарамастан, елімізде апаттылық көрсеткішінің төмендеу үрдісі байқалған. Биыл жол-көлік оқиғаларының саны 5,7%-ға, ал қаза тапқандардың саны 3,2%-ға және жараланғандар саны 3,8%-ға төмендеді.

Ірі жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері - жылдамдықты арттыру, қарсы қозғалыс жолағына шығып кету, жол қозғалысы қатысушыларының жолда шаршап кетуі, көліктің апаттық-қауіпті жерінің болуы.  

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-Министр уәкілетті органдарға бірқатар тапсырмалар берді. 

 




Яндекс.Метрика