Өңірлер

ОҚО-ның Ордабасы ауданының экономикасына 7 млрд-тан астам теңге инвестиция тартылды

ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде Ордабасы ауданының әкімі Алмасбек Мамытбеков баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Южно-Казахстанская область 21 Желтоксан, 17:56

2016 жылы аудандағы 20 инвестициялық жобаға бюджет есебінен 3 млрд 961 млн.теңге бөлініпті.  Биылдың өзінде өңірге  тартылған инвестиция көлемі 7 млрд. 177 млн. 400 мың теңгені құрап отыр екен.   Оның ішінде республикалық бюджеттен 1 млрд. 515 млн. 100 мың теңге, жергілікті бюджеттен 2 млрд. 365 млн. 600 мың теңге, меншікті қаражат есебінен 2 млрд. 353 млн. 100 мың теңге, басқада қарыз қаражаттар есебінен 837 млн. 200 мың теңге. 

Аудан экономикасының негізгі салаларының бірі – ауылшаруашылығы. 2016 жылдың қаңтар-қазан айларында ауыл шаруашылық саласында 26 млрд. 870 млн. 900 теңгенің өнімі өндіріліпті. Сондай-ақ  31 мың  130 гектар  суармалы жер игерілген.

Жыл басынан бері ауданда 7,18 гектар жылыжай салынып, 688 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізіліпті.

 «Сыбаға» бағдарламасымен  1388 ірі қара мал, «Алтын асық» бағдарламасымен 4413 қой,  «Құлан» бағдарламасы бойынша 741 асыл тұқымды жылқы сатып алыныпты.  2016 жылы ауданда 17 мың 195 тонна мал мен құс еті өндірілсе, сүттің көлемі  32 мың 441 тоннаға жеткен. 

Ордабасы ауданында соңғы 16 жылда ірі қара мал басы да артып отыр екен.  Ірі қара мал басы  20 мың  700-ден  55 мың 340-қа, уақ мал 78 900-ден 295 мың 237-ге,  жылқы саны 4 мың 900-ден 19 мың 162-ге, түйе саны 100-ден 494-ке көбейген. Құстардың саны  199 772-ден  612 320-ға артыпты. Жалпы биыл ауданда   5 833 000 мың теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліпті.

Аудан әкімі жергілікті бюджеттің жалпы кірісі  381 млн. 264 мың теңгені құрағанын тілге тиек етті. Сондай-ақ жұмыссыздардың саны 2600-ге азайған.

 





Яндекс.Метрика