Ұлттың денсаулығы

Алматыда Универсиада кезінде туристер үшін мәдени шаралар ұйымдастыру мәселелері талқыланды

ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Игалиев Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің тапсырмасы аясында ХХVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада -2017 кезінде туристік сапарлар ұйымдастыру мәселелері бойынша Алматыда бірқатар кездесулер өткізді.
Алматы қаласы21 Желтоксан , 15:57

Сондай-ақ, Марат Игалиев Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу жөніндегі дирекцияның бас ғимаратында болды. Кездесуде Қазақстанның туристік қауымдастығымен бірге ел аймақтарында Универсиаданың Құрметті елшілері және ресми өкілдерінің қатысуымен роуд-шоу ұйымдастыру келісілді, деп хабарлады ведомство.

«Алматыда Қысқы Универсиада кезінде туристер үшін бірқатар мәдени шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Көптеген арнайы бағдарламалар әзірленуде (эстафета алауы салтанаты, классика, джаз және эстрадалық музыка концерттері, жұмыс орындары жәрмеңкесі, ЖОО таныстырылымы және т.б)», - делінген хабарламада.

Универсиада – Халықаралық студенттер спорты федерациясы (FISU) аясында студенттер арасында өтетін халықаралық спорт жарысы. 2017 жылы 29 қаңтар-8 ақпан аралығында өтетін Универсиада кезінде спорттың 12 түрінен 86 медаль сарапқа салынады. Жарысқа 55-тен  аса елден 2000 спортшы қатысады. Универсиадаға барлығы 3000 волонтер тартылады.

 




Яндекс.Метрика