Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Қазпочтаның облыстық филиалында жедел желі қызметі іске қосылды

«Қазпочта» АҚ сыбайлас жемқорлық, айлакерлік, кемсітушілік фактілері мен басқа да бұзушылықтарды анықтау үшін, Жедел желі қызметін іске қосқанын хабарлайды. Бұл желі арқылы клиенттер, серіктестер және контрагенттер арыздарын құпиялы түрде жібере алады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Павлодар21 Желтоксан , 15:29

«Бірнеше жыл бұрын басталған трансформация бағдарламасының аясында, біз теxнологиялар мен процесстерді өзгерту бағытымен қатар, алаяқтық пен жемқорлыққа қарсы күрес жолында да жұмыс атқарудамыз. Клиенттеріміздің сенімділігін арттырудағы келесі қадамымыз - жедел желі қызметі. Бұл қызмет көптеген сервистік компаниялардың сапасын көтере алған құрал болып табылады» - деп «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы, Бағдат Мусин бөлісті.

Жедел желіні жалған ақпаратты тарату немесе бұзақылық мақсатпен, сонымен қатар, кек пен өш алу үшін қолдану заңды түрде жазаланады.

Айтарлықтай, қызмет көрсету сапасы бойынша немесе сәлемдемені табу үшін және басқа да сұрақтар бойынша 1499 Байланыс орталығына қоңырау шалуға болады. Қазақстан Республикасы бойынша қоңырау шалу тегін.   

«Қазпочта»  АҚ – почталық, қаржылық және логистикалық қызметтерді ұсынатын Қазақстан Республикасының ұлттық почта операторы. Дүниежүзілік почта одағының мүшесі, VISA International және MasterCard Worldwide халықаралық төлем жүйелерінің принципті қатысушысы. «Самұрық-Қазына» АҚ компанияның жалғыз акционері болып табылады.

 




Яндекс.Метрика