Парламент

Мәжіліс депутаттары Қазақстандағы сот-сараптама қызметі туралы заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі пленарлық отырыс барысында «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» ҚР Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Нұр-Сұлтан21 Желтоксан , 11:53

«Заң жобасы ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған. Заң жобасының басты мақсаттары құқықтық негіздерді қалыптастыру: сот сараптамаларын жүргізу жөніндегі мемлекеттік функцияны денсаулық сақтау жүйесінен ҚР Әділет министрлігіне беру арқылы бір ведомствода орталықтандыру. ҚР сот сарапшыларының палатасын құру арқылы мемлекеттік емес, жеке сот сараптамасы институтын одан әрі дамыту. Заң жобасы бойынша жұмыс тобының 35 отырысы өткізілді», - деп хабарлады Сот-құқықтық реформа заңнамасы комитетінің хатшысы Светлана Бычкова.

Атап өтейік, заң жобасында сот-сараптамалық зерттеу әдістемелері мен сот сарапшыларының мемлекеттік тізілімін жүргізу жөніндегі бөлімдер кеңейтілген. Мемлекеттік емес сарапшылардың қызметін үйлестіру үшін заң жобасында жеке сарапшылардың қызметін реттеуге арналған жеке тарау көзделген.

Сондай-ақ мәжіліс депутаттары пленарлық отырыс барысында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне өзгерістер енгізу туралы» ҚР Заңының жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасының қабылдануы ҚР құқық қорғау жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2014-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға бағытталған.

Заң жобасының қабылдануы сот-сараптама қызметін жүзеге асырумен байланысты қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді үйлестіру мен біріздендіруге ықпал етеді.




Яндекс.Метрика