Өңірлер

Сарыағашта 30 мың шақырым жол жөнделді

Сарыағашта 30 мың шақырым жол жөнделді, деп хабарлады ОҚО әкімдігі.
Южно-Казахстанская область21 Желтоксан , 10:59

Кезең-кезеңімен жүргізілген құрылыс жұмыстарына облыстық бюджеттен 2 млрд 53 млн теңге бөлінгенін де айта кеткен жөн. Нәтижесінде Сарыағаш ауданында жалпы ұзындығы 30 мың 823 шақырымдық магистральді жолдар мен ішкі көшелер жөндеуден өткен.

Сондай-ақ осы күні Сарыағаш ауданы Жаңаталап елдімекенінде 75 орындық мәдениет үйі ел игілігіне тапсырылды. Мәдени ошақтың құрылысына облыстық бюджеттен 55 млн 80 мың теңге жұмсалған.

Саябақтағы қайта құрылымдау жұмыстарына аудан бюджетінен 78 млн 340 мың теңге жұмсалған. Құрылысы 2015 жылдың қазан айында басталған.




Яндекс.Метрика