Евразиялық одақ

ЕЭК пен ЕАЭО іскерлік кеңесі Қытаймен қарым-қатынасты талқылады

Мәскеуде Еуразиялық экономикалық комиссияның өзара байланыс консультативтік кеңесі мен ЕАЭО іскерлік кеңесінің алғашқы отырысы өтті, шараға одақ елдерінің іскерлік ортасы қатысты.
Әлемде21 Желтоксан , 10:14

Отырыста  ЕАЭО мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық  ынтымақтастық келісімі аясындағы Қытаймен  келіссөздер параметрлері талқыланды. Сондай-ақ,  ЕАЭО мен Қытайдың бастамасы бойынша «Экономикалық белдеу Жібек жолы» жобасының тоғысуы талқыланды, деп хабарлады ЕЭК баспасөз қызметі.

«Біз консруктивті бизнес-қауымдастықпен өткізуге үнемі қызығушылық танытамыз. Бизнестің қолдауынсыз нақты шешімдер болмайтыны анық», - деді Консультативтік кеңестің төрағасы, ЕЭК Коллегиясының  төрағасы Тигран Саркисян.

Ол айтып өткендей,  ҚХР Мемкеңестің  басшылығымен кездесу сәтінде  ЕАЭО елдері жобаларының бірыңғай базасын құру талқыланды. Жиында 40-қа жуық мәселе қаралды.   

Қытайды Еуропа елдерімен біріктіретін ҚХР басшысы Си Цзиньпин 2013 жылы ұсынған жаңа «Жібек жолын» құру идеясы Азиямен, Африкамен ынтымақтастықты нығайтады. Әңгіме жеңілдік жағдайында Шығыстан Батысқа тауарларды тікелей жеткізу үшін сауда дәлізін құру жайында болвп отыр.

Сондай-ақ ЕАЭО-ның Үндістанмен еркін сауда аймағын құру туралы мәселені пысықтай бастағандығын мәлім етті

 




Яндекс.Метрика