Болашақтың біртұтас ұлты

ШҚО-да 400-ден астам кадет ант қабылдады (ФОТО)

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын бүкіл ел болып атап өтіп жатқанда, Шығыс Қазақстан «Мәңгілік ел» идеясы аясында жастарды отансүйгіштікке баулуға бағытталған шара өтті. Жас патриоттар слетінде «Шығыс ұландары» арнайы сыныбының 400 кадеті, Отанға адал қызмет етуге ант беріп, кадеттік сынып оқушыларының куәлігіне ие болды, деп хабарлады ШҚО ақпараттық агенттігі.
Шығыс Қазақстан 20 Желтоксан, 10:12

2016 жылы облыстың жалпы білім беру мектептерінде 25 «Шығыс ұландары» кадеттік сыныптары ашылған болатын. Әр сыныптағы оқушы саны да 25! Мұндай ерекше сынып ашу бастамасын Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарынды мектеп» кешенді жоспарын жүзеге асыру аясында қолға алған болатын. Білім алу барысында аталмыш сынып оқушылары мектеп бағдарламасынан тыс, әскери-техникалық және физикалық жаттығу, әскери іс негіздері, топография, жекпе-жек, гимнастика және хареографияны тереңдетіп оқитынын айта кету керек.

Іс-шара барысында 400-ге тарта үміткер салтанатты түрде ант қабылдап, «Шығыс ұландары» кадеті куәліктеріне ие болды. Жас партиоттарды арнайы құттықтай келген облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова:  

«Бүгін біз Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтудеміз. Сіздерді Ұлы мерекемен құттықтаймын. Тәуелсіздік, ең бастысы, бұл біздің балаларымыз, олардың тәрбиесі, білім алуы және олардың ұлттық асқақ рухы. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жағдайы сіздерге білім мен жетістікке ұмтылуға, жаңа ғылымды меңгеруге, әскери істі терең игеруге, бар жағынан кәсіби шебер болуға мүмкіндік береді», -деді.

Сөз соңында, аймақ басшысының орынбасары Шығыс Қазақстанның білім, денсаулық сақтау және әскери іс саласының үздіктерін  марапаттады.





Яндекс.Метрика