Экономикалық және сауда дипломатиясын дамыту

Мәжіліс КО ақпараттық жүйесін құру туралы келісімді мақұлдады

Бүгін Мәжілісте Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және дамуы туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, деп Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
Нұр-Сұлтан11 Желтоксан , 10:52

«Жүйе Тараптар мемлекеттерінің сыртқы және өзара сауданы реттейтін мемлекеттік органдарының аумақтық жағынан бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің, Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ақпараттық ресурстарының Тараптар мемлекеттерінің мемлекеттік интергациялық сегменттерімен және Космиссияның интеграциялық сегментімен біріктірілетін ұйымдастырылған жиынтығы болып табылады.Тараптардың әрқайсысы өзінің мемлекеттік интеграциялық сегментін құру, оның жұмыс істеуі мен оны дамытуды қамтамасыз ету бойынша құқықтарды жүзеге асыратын және міндеттерді мойнына алатын операторын белгілейді», - делінген хабарламада.

Жүйенің құрамдастарын құру, дамыту және олардың жұмыс істеуі жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру Комиссияның шығыстар сметасында көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.




Яндекс.Метрика