Парламент

«Қазақстан-2050» стратегиясы басты қадамының бірі-еліміздің саяси дамуының демократиялануы-мәжілісмен Әшімбаев

Қазақстан-2050» стратегиясы басты қадамының бірі-еліміздің саяси дамуының демократиялануы. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев хабарлады.
Астана қаласы18 Желтоксан , 00:00

«Дағдарыстар болып, жаһандық және аймақтық қауіпсіздікке қатер тууына байланысты заманға сай стратегияны жетілдіріп, басымдықтарды айқындау қажеттігі туды. Осы орайда Мемлекет басшысы 2050 жылға дейінгі даму Стратегиясын жариялады. Менің ойымша бұл құжат экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық бағыттардағы дамуымыздың негізі болмақ. Жалпы мен құжатта өзім үшін аса маңызды болып табылатын бірқатар аспектілерді бөліп қарастырдым. Бұл әрине еліміздің саяси дамуының демократиялануы. Бұл бағытта мемлекет басшысы ауылдық округтер мен ауылдық жерлерде әкімдердің сайлауға түсетітін айтты. Мен оны демократиялық саяси жүйе қалыптастырудағы маңызды қадам деп білемін. Жалпы әкімдердің ішінде ауылдық округтер әкімдерінің үлесі басым», деді Мәулен Әшімбаев.




Яндекс.Метрика