Болашақтың біртұтас ұлты

Астанада «Мәңгілік елім менің» поэзиясының антологиясы таныстырылды (ФОТО)

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік елім менің» поэзиясы антологиясының таныстырылымы өтті.
Нұр-Сұлтан 12 Желтоксан, 18:56

Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, қоғам қайраткерлері, ғылыми мен шығармашылық зиялылары, шығармалардың авторлары, Қазақстанның танымал жазушылары мен ақындары, БАҚ қатысты.

«Антология өткен жылдың  қыркүйек айында ойластырылға болатын, мен аталмыш жобаның жарыққа шықанына өте қуаныштымын”, - деді ҚР Жазушылар одағы орыс әдебиеті кеңесінің төрағасы Любовь Шашкова.

«Мәңгілік елім менің» антологиясын Қазақстан жазушылар одағы   Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Altyn Kyran» халықаралық қайырымдылық қорының қолдауымен жарыққа шығарды.

Антологияда Қазақстан Республикасының түрлі этностары ақындарының (қазақ, орыс, ұйғыр, күрд, татар, украин, белорус, неміс, кәріс, армян, шешен, ингуш, түрік, осетин, дүнген және т.б.) өлеңдері жинақталған.

50 автордың өлеңдері мемлекеттік тілде жарық көріп, орыс тіліне аударылды.

Суретке түсірген Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика