Жаңа кадрлық саясат

Астанада сараптама қызметінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды

Астанада «Сараптама қызметінің тиімділігін арттыру» тақырыбына республикалық дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы «Болашақ» Халықаралық шәкіртақы қауымдастығының баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қаласы10 Желтоксан , 17:16

«Дөңгелек үстел пікірталасының қарастырған негізгі мәселелері - сарапшыларға қойылатын біліктілік талаптары, сараптама жұмысын төлеу тетіктері, сарапшылардың этикасы мен кәсіби шеберлігі және басқа да мәселелер болып табылды», - делінген хабарламада.

Дөңгелек үстел спикерлері консультациялық-кеңесші органдарының іс-әрекетін бағалау бойынша өз баяндамаларын ұсынды. Ерлан Аукенов Шығыс Қазақстан облысы мысалында ККО тиімділігін бағалау әдістемесі туралы баяндаса, ал Жұматай Сәлімов интернет платформадағы салалық сараптамалық желілер жұмысы туралы әңгімеледі. Сарапшылармен сарапшылар іс-әрекетінің тиімділігін бағалау бойынша бірыңғай веб-портал құру идеясы айтылды. 

«Біздің көзқарасымыз сараптама қызметінің тиімділігін артыру жүйесіне оң. Бұл жүйенің енуі А корпусының негізіне сәйкес келуі мүмкін. Бұл меморгандарда бағалау жұмысын нақты жүргізуге мүмкіндік береді», - деп «Болашақ» Қауымдастығының атқарушы директоры Жанна Төлегенова мәлімдеді.

Дөңгелек үстелге орталық мемлекеттік органдардың, ғылыми-зерттеу және үкіметтік емес ұйымдардың, даму институттарының, сарапатама қоғамдарының, консультациялық-кеңесші органдардың өкілдері қатысты.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика