Мемлекетті басқарудың жаңа типі

Қазақстан жақсы өмір сүретін патриоттардың отаны болуы тиіс – А.Бәйменов

Қазақстан жақсы өмір сүретін патриоттардың отаны болуы тиіс. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Әлихан Бәйменов әңгімелеп берді.
Астана қаласы18 Желтоксан , 00:00

«Біз Тәуелсіздік алған жылдары мемлекетімізді барлық жауапкершілікті сезіне білетін және алдағы өмірімізді болжай алатын адам басқарғаны үшін бақыттымыз. Бүгінгі Жолдау бізді жігерлендіріп, сенімділігімізді күшейтті. Бұл Жолдау алдағы бірнеше ондаған жылға арналған және біздің тамыры терең тарихымыздан бастау алады. Біз енді осы стратегия жүзеге асу үшін жұмыс істеуіміз керек. Мемлекет басшысы Қазақстанның жаңа көкжиектерін бейнеледі, соның аясында еліміз әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылуы тиіс. Қазақстан өркендеген елде жақсы өмір сүретін патриоттардың отаны болуы тиіс», - деді А.Бәйменов. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика