Инженерлік білім беру жүйесін дамыту

«Қазақстан инжиниринг» 2013 жылы техникалық мамандықтар бойынша оқуға түсушілерге гранттар тағайындайтын болады

«Қазақстан инжиниринг» жас мамандарды оқытып, дайындау үшін бағдарлама дайындап шығарды. Бұл туралы бүгін «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұлов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Казахстан11 Наурыз , 00:00

«Біз еліміздің беделді жоғары оқу орындарымен бірлесіп, кадр дайындау жұмыстарын қолға алдық. Соның нәтижесінде біз жас мамандарды оқытып, дайындайтын бүтіндей бір бағдарлама жасап шығардық. Менің ойымша, биыл өзіміздің гранттарымызды тағайындаймыз. Өйткені бізге заманауи технологияның тілін білетін жас мамандардың жаңа толқыны қажет», - деп атап өтті ол.




Яндекс.Метрика