Басқару

ҚР Президенті әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру туралы жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы30 Қараша , 18:26

"Қазақстан Республикасының әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығы:

1. авторлар ұжымына: Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетовке, Сағындық Смаилұлы Жамболатовқа, Мұрат Амангелдіұлы Мансұровқа, Нұрлан Аманұлы Далбайға – «Мәңгілік Ел» монументі үшін;
2. жазушы Бексұлтан Нұржекеевке – «Әй, дүние-ай» романы үшін;
3. авторлар ұжымына: Досхан Қалиұлы Жолжақсыновқа, Рустам Одинаевқа, Айдос Жұмаділдіұлы Бектемірге, Нұрсифат Рахымбайқызы Салықоваға – «Құнанбай» толық метражды көркем фильмі үшін;
Суретші Камиль Муллашевқа – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына арналған «Тәуелсіздікке тарту» жұмыстар циклі үшін берілсін.

Осы Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі", - делінген Жарлық мәтінінде.

 

 

 

 

 

                 

 

 




Яндекс.Метрика