«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Шетелдік елшіліктердің 80-нен астам өкілі Астанаға келді (ФОТО)

Астанада дипломатиялық корпусқа арналған дөңгелек үстел өтті, оның барысында ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Мемлекет басшысы және үкімет басшылығы елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті.
Астана қаласы 30 Қараша, 18:07

Іс-шараның мақсаты – шетелдік әріптестерді Қазақстанның транзиттік-көлік әлеуетінің даму барысы туралы ақпараттандыру, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру аясында жобаларды және бағдарларды таныстыру.

Е. Ыдырысов дөңгелек үстелді аша отырып, Мемлекет басшысы және үкімет басшылығы елдің транзиттік-көлік әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Министр осы жұмыс бағыты Қазақстанның ең маңызды сыртқы саяси басымдықтарының бірі болып табылатынын және ҚР СІМ ерекше бақылауында екенін айтты.

Дөңгелек үстелге халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің басшылары мен елшілерін қоса алғанда, шетелдік елшіліктердің 80-нен астам өкілі қатысты.

Сурет Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика