EXPO-2017

Әлемнің 111 елі ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатынын растады

Тынық мұхит альянсының мемлекеттері – Чили, Мексика, Перу, Колумбия мен Барбадос «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысатынын растады. Осылайша, көрмеге қатысушы мемлекеттер саны 111-ге жетті, деп хабарлады ұлттық компания.
Астана қаласы30 Қараша , 20:41

Көрмеге қатысатындығын енді растаған  мемлекеттерінің пікірінше, оның «Болашақ энергиясы» тақырыбы Тынық мұхиты альянсы мемлекеттері үшін өзекті. Өйткені, онда баламалы энергия көздерін пайдалану мүмкіндігін белсенді түрде зерттеуде.

Мысалы, тау кен қазу өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатқан Чили мемлекеті күн және жел энергиясын жиі пайдалануға көшуде. Сонымен қатар, Перу - Гидроэнергетикалық ресурс, табиғи газ, газдық конденсат қорының мейлінше мол екендігіне қарамастан күн, жел және геотермалды энергияны пайдалану саласын жетілдіруде.

Колумбия – күн энергиясы негізінде өз автокөлігін шығарған мемлекет, оның сондай-ақ, баламалы энергия көздерін дамыту бойынша ауқымды әлеуеті бар. Мексика – мұнайөндіруші мемлекет әрі энергияның жаңа көздерін табуда белсенді іздестірулер жүргізуде.

Аталған өңірде БЭК (ВИЭ) өндіруде әлемдік лидер танылған – Коста-Рика да орналасқан. Олар баламалы энергия көздерінің 90 пайызын пайдаланады.   




Яндекс.Метрика