Инвестициялар

Алматыда бидайды тереңдетіп қайта өңдеу зауыты салынбақ

Алматыда 300 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жобалары бойынша шамамен 50 меморандум жасалады. Бұл туралы Орта Азияда «Almaty Invest-2016» IV Халықаралық форумы – ең ірі инвестициялық іс-шарасын өткізуге арналған баспасөз мәслихатының барысында белгілі болды.
Алматы қаласы30 Қараша , 19:57

Инвестициялық жобалар арасында Индустриялық аймақ аумағында бидайды тереңдетіп қайта өңдеу бойынша зауыты, Алматы қаласындағы оңалту орталығы, «Leroy Merlin» және «OBI» гипермаркеттері құрылысы бар.

Форум бағдарламасы үш күнге есептелген. 7 желтоқсанда Алматы қаласы әкімінің төрағалық етуімен өңірлік инвесторлар кеңесінің мәжілісі өтеді. 8 желтоқсанда форумның негізгі бағдарламасы өтеді, онда Алматы қаласының сауда және қызмет көрсету саласы, тамақ өнеркәсібі, іскерлік туризм, мемлекеттік-жеке серіктестік және индустриялық даму сияқты 5 басым бағыты бойынша инвестициялық мүмкіндіктері талқыланатын болады.

Спикерлер ретінде Carrefour, Leroy Merlin, Sanlas Holding, Tokyo Rope, EuroShop, UBS Asset Management, Дүниежүзілік банк, ЭФКО және басқа да ұйымдарды қоса алғанда, қалаға инвестиция салған немесе инвестициялауды жоспарлап отырған ірі халықаралық ұйымдардың басшылары шақырылды.

9 желтоқсан қолданыстағы кәсіпорындар, өнеркәсіптік аймақтар мен туристік нысандар бойынша қызығушылық танытқан инвесторлар үшін инвестициялық турлар үлгісінде өтеді.

Бұдан басқа, KASE қор биржасы жұмысының тетіктері бойынша семинар өткізу, сондай-ақ «Almaty StartUp City» форумын өткізу жоспарланған, оның шеңберінде «Almaty StartUp City-2017» бағдарламасының таныстырылымы көрсетіледі, алматылық стартаперлер үшін шеберлік сабақтары мен воркшоптар өтеді.




Яндекс.Метрика