Парламент

Мәжілісте заң жобасына мәдениет мәселелері бойынша енгізілетін түзетулер мақұлданды

ҚР Парламентінің Мәжілісі пленарлық отырыс барысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші оқылымында мақұлдады. Заң жобасы мәдениет саласын одан әрі жетілдіру мақсатында әзірленген.
Астана қаласы30 Қараша , 15:41

«Заң жобасы заңнамалық базаны жетілдіруге, тарихи-мәдени мұраны одан әрі сақтап, дамытуға, сондай-ақ жағдайлар жасауға бағытталған. Ұсынылған заң жобасы мәдениет және тарихи-мәдени мұра саласындағы бірқатар проблемаларды шешуді көздейді», - деп хабарлады Парламент Мәжілісінің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі, депутат Майра Айсина.

Депутат түзетулермен таныстыра келе, заң жобасына енгізілетін өзгерістер бірқатар кемшіліктерді жоятынын атап өтті.

Оған қоса, заң жобасына енгізілетін түзетулердің арқасында театр өнеріне арналған блокта көптеген маңызды мәселелерді шешуге болады. Қорытындылай келе, депутат заң жобасын әзірлеу барысында халықаралық тәжірибенің ескерілгенін айтты. 




Яндекс.Метрика