Өңірлер

Ақмола облысында жапырақты салат өсіру бойынша жаңа желі іске қосылды (ФОТО)

Степногорск қаласында жылыжай кешенінде салат өсіру бойынша жаңа желі іске қосылды, деп хабарлады Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы.
Ақмола 30 Қараша, 18:54

Көкөніс өсіру бойынша озық әлемдік тәжірибені пайдаланатын кәсіпорын басшылары мен ұжымының жоғары кәсіптілігінің арқасында степногорск жылыжай кешенінің өнімі жоғары сапасымен ерекшеленеді, ол Қазақстанда сұранысқа ие және Ресейге экспортталады. 

Қазіргі уақытта «Қазақстанның жылыжай технологиялары» ЖШС директоры Александр Грибалев атап өткендей, Қазақстанда пайдаланылатын заманауи технология бойынша жалғыз салат бөлімшесі ассортиментіне 8 дақыл кіреді және Степногорск тұрғындары оларды  бүгіннен бастап қаланың сауда нүктелерінен сатып ала алады. 

Кешен ауданы екі есе ұлғайған. Кәсіпорында 100-ге жуық жаңа жұмыс орны, соның ішінде салат бөлімшесінде 8 жұмыс орны ашылған.  





Яндекс.Метрика