Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

«ҰАТ» АҚ және IBM компаниясы IT-технологиялар саласында өзара іс-қимыл жасауға ниетті

ASTEX Astana Smart City 2016: халықаралық форум-көрмесі шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мен «IBM Шығыс Еуропа/Азия» ЖШҚ-ның Қазақстандағы өкілдігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.
Астана қаласы 30 Қараша, 18:37

Құжатқа сәйкес, тараптар деректер, сараптама, «бұлыңғыр»  технологиялар, когнитивті технологиялар, IT-қауіпсіздік, мобильді технологияларды өңдеу орталықтарын құру мен басқаруда өз әлеуеттерін біріктіре отырып  жұмыс жасайды, екіжақты кездесулер өткізеді. Сондай-ақ, ақпараттық технологиялар туралы оқыту бағдарламаларын жасау мүмкіндігі қарастырылады.

Жуырда «ҰАТ» АҚ  Huawei, Samsung, Cisco Systems International B.V., Oracle, Fujitsu Siemens компанияларымен меморандум мен серіктестік туралы келісімдерді бекіткен болатын.

ASTEX Astana Smart City 2016 көрмесіне Қазақстанның 9 ірі IT жобалары қатысуда. «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мамандары бұл жобалардың жүзеге асуына салмақты үлес қосқан, әрі осы күнге дейін техникалық қолдау көрсетіп келеді. Атап айтатын болсақ, электрондық үкімет порталы, электрондық құжат алмасу жүйесі, е-лицензиялау, е-нотариат және т.б. жобалар жүзеге асырылды. Сонымен қатар, көрме қонақтарына «Ашық үкімет» порталы және Үлкен деректер сияқты жаңа бағыттар туралы ақпарат ұсынылады.

Көрмеде «ҰАТ» АҚ деректерді сараптау департаментінің мамандары тарапынан «ақылды қаланы» құру бағытындағы  балабақшаларға арналған ұсынбалы жүйенің прототипі туралы ақпарат ұсынылған. Аталған жүйеге сәйкес, мектепке дейінгі мекемелерді орналасқан жеріне байланысты сұрау салу арқылы тұтынушыға ең қолайлы нұсқа ұсынылады. Мамандардың айтуына қарағанда мұндай жүйе қазақстандық нарықта бұрын соңды болмаған.





Яндекс.Метрика