Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Астанада Қазақстанның Төрелік палатасы құрылды

Астанада Қазақстанның Төрелік палатасы құрылды. Палатаның бірінші құрылтай съезі Әділет министрлігі қабырғаларында өтті.
Астана қаласы30 Қараша , 18:23

Министрлікте хабарлағандай, жаңа қоғамдық ұйым төрешілер мен тұрақты жұмыс істейтін төреліктерді біріктірді. Съез барысында төрелік қоғам өкілдері әзірлеп, келіскен Палатаның Жарғысы мен Құрылтай шарты қабылданды, сондай-ақ Палатаның басқару органдарының құрамы анықталды.  

Қазақстанның Төрелік палатасы халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, заң шығармашылығы қызметіне қатысады және палата мүшелерінің біліктілігін арттырады.

«Қазақстандықтар дауларды сотқа дейінгі тәртіппен шешудің тиімді құралы туралы анағұрлым толық ақпарат алатын болады, бұл елімізде құқық пен әділдікті орнатудың заманауи әдісі ретінде төрелік жүйесін танымал етуге көмектеседі. Өз кезегінде, бұл үрдіс соттарға түсетін жүктемені едәуір азайтады. Жаңа қоғамдық күш құру төрелікті дамытуға және ұлттық деңгейде және халықаралық аренада төрелік мәртебесін нығайтуға мүмкіндік береді», - деп атап өтілді ведомствода.

Палатаның құрылуы отандық төрелік институттарды сапалы жаңа деңгейге шығарады және төреліктердің мүдделерін елде де және одан тыс жерлерде де қорғайды деп күтіледі. 




Яндекс.Метрика