Энерготиімділік

Ә.Исекешев: Астана 2017 жылдан бастап энергия тиімді көше жарықтандыруға ауысады

2017 жылдан бастап астаналық жарықтандырудың 90%-ы «ақылды қаланың» қосымша 10 сервисін пайдалануға мүмкіндік беретін энергия тиімді жарықтандыруға ауысады. Бұл жөнінде Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев «ASTEX Astana Smart City 2016» халықаралық форум-көрмесінде хабарлады.
Астана қаласы 30 Қараша, 14:51

«2017 жылға біз бес бағыт бойынша бірінші кезекте іске асырылатын бірқатар жобаларды анықтадық, олармен қоса басқа жобалар бойынша да жұмыс жасаймыз. Бірінші жоба «ақылды көше жарықтандыру». Мұнда МЖӘ (мемлекеттік-жеке меншік әріптестік) тетігі бойынша ескі көше шамдарын заманауи энергия тиімді шамдарға ауыстыруды жоспарлап отырмыз», - деп хабарлады Ә. Исекешев.

Әкімнің айтуы бойынша, мұндай ауыстыру электр энергиясына және пайдалануға жұмсалатын шығыстарды азайтып, 60%-ға үнемдеуге, сондай-ақ қала қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

«Жоба жеке меншік инвестициялары есебінен іске асырылады, инвесторлар өз қаражатын 60% үнемдеу есебінен қайтарып алады», - деп ақпараттандырды қала әкімі.

Ә. Исекешевтің айтуы бойынша, Smart Astana бағдарламасы прагматикалық тәсілге бағдарланған, яғни жобалар әлеуметтік немесе экономикалық әсерді жылдам көрсетеді.

Қаланың билік орындары МЖӘ моделі жобаны тиімді әрі ашық іске асыруға мүмкіндік беретінін, жергілікті бюджеттен жүктеме алынатынын, сонымен бірге, шағын бизнесті дамыту үшін мүмкіндіктер жасалатынын атап өтті.

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика