Парламент

Мәжіліс волонтерлік қызмет туралы заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламенті Мәжілісі пленарлық отырыс барысында «Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады. Заң жобасы волонтерлік қызмет институтының құқықтық негіздерін жасау мақсатында әзірленді.
Астана қаласы30 Қараша , 12:53

«Волонтерлік қызмет туралы» осы заң жобасын әзірлеу қажеттілігі, бір жағынан, елімізде волонтерлік қозғалыс түрлерінің қарқынды дамуына, волонтерлік ұйымдардың ұйымдастырылуына байланысты туындаса, екінші жағынан, осы мәселелерді нормативтік-құқықтық реттеудің болмауымен түсіндіріледі. 2006 жылы Мемлекет басшысының Жарлығымен 2006-2011 жылдар кезеңіндегі азаматтық қоғам тұжырымдамасы бекітіліп, онда волонтерлік қызметті жалпы азаматтық қоғам дамуындағы маңызды кезең ретінде институционалдық дамыту қажеттілігі туралы мәселе көтерілген. Осы құжат арқылы волонтерлік қызметті пайдалану мемлекет мақсаттары мен бағдарламалық стратегияларын іске асыру үшін бағалы ресурс болып табылады», - деп хабарлады ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлнар Иксанова.

Оның айтуы бойынша, заң жобасы волонтерлік қызметтің мынадай мақсаттарын айқындайды:

- жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, әлеуметтік топтарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау;

- азаматтық позицияны қалыптастыру, өзін-өзі ұйымдастыру, әлеуметтік жауапкершілік, өзара көмек көрсету және қоғамда қайырымдылық жасау.

Заң жобасының қабылдануы мынадай міндеттерді шешуге мүмкіндік береді:  

- волонтерлік қызмет бойынша бірыңғай түсінік аппаратын қалыптастыру;

- волонтерлік қызмет қағидаттарын айқындау;

- ерікті волонтерлік қызмет ұйымдарына қоғамдық күшті біріктіру үшін құқықтық алғышарттар жасау;

- бір жағынан, волонтерлер, волонтерлер топтары, волонтерлік ұйымдар және екінші жағынан, мемлекеттік билік органдары арасында қалыптасқан қарым-қатынастарды жүйелендіру;

- волонтерлік қызметті ынталандыру мен көтермелеудің экономикалық емес әдістерін, материалдық-техникалық қолдау тетіктерін, волонтерлік қызмет процестерін белгілеу.

«Волонтерлік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануы мемлекеттік кірістерді қысқартуды және мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздемейді, мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығыстарына әкелмейді. 




Яндекс.Метрика