Қазақстанның Тәуелсіздігі

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Қазақстанның Туы Антарктиданың ең биік нүктесінде орнатылады

Қазақ географиялық қоғамы республика Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік полюсі» Антарктидаға ғылыми-зерттеу экспедициясын өткізеді. Бұл жөнінде ҚазГео президиумының төрағасы Төлеген Тастанбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында хабарлады.
Әлемде30 Қараша , 14:32

«Желтоқсанның басында біз Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Оңтүстік полюске екінші қазақстандық экспедиция жасаймыз. Экспедиция құрамына қазақстандық жас ғалымдар мен спортшылар кіреді», - деді Төлеген Тастанбеков.

Оңтүстік полюске экспедиция Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен өткізіледі. Экспедицияны ұйымдастырушы - «Қазақ географиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігі (Қазгео).

«Экспедиция 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні басталады. 16 желтоқсанда еліміздің Тәуелсіздігін тойлау күні Антарктиданың ең биік нүктесі – Винсон шыңында, 4892 метр биіктікте Қазақстанның мемлекеттік туы орнатылады», - деп атап өтті Т. Тастанбеков.

Ақпарат бойынша, Винсон шыңы Оңтүстік полюстен 1200 шақырымда орналасқан және  «7 summits» альпинистік бағдарламасы санына кіреді. Экспедицияға қатысушылар жердің Оңтүстік полюсіне жету үшін шаңғымен 22 шм астам қашықтықты өтуі тиіс. 




Яндекс.Метрика