Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

Д.Абаев: Қазақстанда қалалану деңгейі 60%-ға жетті

Қазақстанда қалалану деңгейі 60%-ға жетті және осы пайыз бойынша Қазақстан Орталық Азияда алдыңғы орында, деп хабарлады ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев «ASTEX Astana Smart City 2016» халықаралық форум-көрмесінде.
Астана қаласы 30 Қараша, 12:13

«Қазіргі заманда қалалық өмірдің барлық салаларында ақпараттық жүйелердің енгізілуі халықтың қолайлы өмір сүруі үшін жасалатын жағдайлардың ажырамас бөлігі болып табылады. БҰҰ бағалауы бойынша 2050 жылға дейін әлем халқының 70%-ы қалаларда тұратын болады. Бұл көлік және тұрғын үймен қамтамасыз ету жүйелерінің күрделенуіне әкеледі, энергияны тиімді пайдалану және қоршаған ортаға ұқыппен қарау өзектілігі өсіп келеді. Осы мәселелердің шешімі сапалы дамуға ынталандыратын ақылды тәсілдерді талап етеді, бұл жерде АКТ маңызды рөл атқарады», - деді Д. Абаев.

«Дамыған елдер постиндустриялық дәуір қалаларын дамыту үшін осы мүмкіндіктерді толық пайдаланып келеді. Қазір «ақылды энергетика», «қалдықтарды ақылды басқару» сияқты сөз тіркестері ешкімді таң қалдырмайды. Халықаралық электр байланыс одағының деректері бойынша, «ақылды қалаларда» интернетке қосылған құрылғылардың саны 2015 жылғы 1 млн-нан 2018 жылы 3 млрд-қа дейін өседі. Қазақстанда қалалану деңгейі 60%-ға жетті және осы пайыз бойынша Қазақстан Орталық Азияда алдыңғы орында», - деп қосты министр.

Ботагөз Айтжанова

Сурет Шыңғыс Қаппаров





Яндекс.Метрика