Өңірлер

Көкшетауда сүт және сыр өңдеу зауыты ашылды (ФОТО)

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Тұңғыш Президент күнін тойлау қарсаңында Ақмола облысы Көкшетау қаласында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен «Нәтиже» зауытының ашылуы өтті.
Ақмола 30 Қараша, 17:34

Облыс әкімдігінде хабарлағандай, кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 40 тоннаны құрайды, жобаның жалпы құны – 500 млн теңгеге жуық. Мұнда 50 жұмыс орны ашылды.

«Еліміздің мемлекеттік саясатын іске асырудағы басым міндеттердің бірі мемлекетіміздің гүлденуіне серпін беретін кластер ретіндегі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады. Бүгінде кәсіпкерлік саласында 15 000-нан астам адам жұмыс істейді, салық төлей отырып, қалалық бюджеттің негізгі бөлігін қалыптастырады, ішкі және шетелдік нарықтарда тиімді жұмыс істей отыра, өңірдің оң имиджін қалыптастыруға едәуір үлес қосады», - деді облыс әкімі зауыттың ашылу рәсімі барысында.

«Нәтиже» компаниясы облыстан тыс аумақта да жақсы танымал. Ол Қарағанды облысын толықтай сүт өнімімен қамтамасыз етеді, оған қоса, Екібастұз, Павлодар және Астана нарықтарына да шықты. 

Әкімдікте ағымдағы жылы облыстық орталықта өңірлік индустрияландыру картасынан тыс жалпы 2 млрд теңге сомасына 7 жоба іске қосылып, осының нәтижесінде 200-ден астам жұмыс орны ашылғаны атап өтілді. 





Яндекс.Метрика