«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жол»: Жамбыл облысында 600 орынға арналған мектеп салынуда

Жамбыл облысының Меркі ауданында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 орынға арналған мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарланды өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Жамбыл30 Қараша , 16:28

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Сарымолдаев ауылындағы 600 орындық №9 орта мектептің (сметалық құны - 1149,3 млн теңге) құрылыс жұмыстарын мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «ТаразҚұрылысДизайн» ЖШС жалпы соммасы 952,1 млн теңгеге ұтып алып, жұмыстарды жүргізуде. 2016 жылға бөлінген қаржы көлемі 897,8 млн теңге. Жоспар бойынша бөлінген қаражаттың 848,5 млн теңгесі игерілді. Құрылыс жұмыстарын аяқтау 2017 жылғы 1 шілдеге жоспарланған.

Пайдалануға 26,3 мың шаршы метр тұрғын үйлер енгізілген немесе 2015 жылдың деңгейіне 100,1 %, бұл жеке тұрғын үй құрылысының өсуіне байланысты.

«Негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 6,6 млрд теңгені құрады», - деп хабарлады өңір басшысы.




Яндекс.Метрика