Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Жамбыл облысында Меркі ауданының 1419 тұрғыны жұмыспен қамтылған

Жамбыл облысы Меркі ауданының жұмыспен қамту бөліміне жыл басынан бері 1788 адам жүгініп, оның ішінде 1419 адам жұмыспен қамтылды. Тіркелген жұмыссыздардың саны 282 адам, бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде хабарланды.
Жамбыл30 Қараша , 10:34

2015 жылғы статистикалық деректер бойынша ауданда тіркелген жұмыссыз халық саны 1887 адамды, жұмыссыздық деңгейі 4,1 %-ды құраған.

Осы ретте, «ЖЖК 2020» бағдарламасы бойынша I бағыт бойынша аудандағы 4 нысананың күрделі жөндеу жұмыстарына республикалық және жергілікті бюджеттен 448,1 млн теңге бөлініп, жөндеу жұмыстарын жүргізу уақытында 76 адам жұмысқа орналастырылған.

Бұдан бөлек, II бағыт бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы 96 азаматқа жеке кәсіпкерлікпен айналасуға мүмкіндік беріліп, 398.5 млн теңге қаржы бөлінген. Есепті кезеңде 89 азаматқа жалпы соммасы 322.8 млн теңге көлемінде несие берілген.

III бағыт бойынша есепті кезеңде жұмыссыздарды қоғамдық жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 200 жұмыссызға 36,1 млн теңге бөлінген. Жыл басынан бері қоғамдық ақылы жұмыстарға 258 жұмыссыз тартылып, оларға 25,8 млн теңге төленген.

2016 жылы республикалық және жергілікті бюджеттерден жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға 21,2 млн теңге, әлеуметтік жұмыс орындарын ашуға 21,6 млн теңге бөлінген. Есепті кезеңде әлеуметтік жұмыс орындарына 144 адам, жастар тәжірибесіне 107 адам тартылып, оларға 35,5 млн теңге төленген.




Яндекс.Метрика