Өңірлер

Жамбыл облысында шырын тазалайтын цех іске қосылды

Жамбыл облысының Меркі ауданында жалпы құны 664,0 млн теңгені құрайтын шырын тазалайтын цех іске қосылды, деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметінде.
Жамбыл30 Қараша , 15:13

2016 жылы индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында «Орталық Азия қант бірлестігі» ЖШС Меркі филиалы жалпы құны 664,0 млн теңгеге шырын тазалайтын цехты қайта жаңғыртып іске қосты, жаңа 18 жұмыс орны ашылды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2016 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 12,9 млрд теңгені құрады, бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсіп, 105,0 % құрады (2015 жылы 9 млрд теңге). 2016 жылы 34,0 мың гектар ақ егіс орылып, 85590 тонна өнім  жиналды, жиналған өнім әр гектарға шаққанда орта есеппен 25,2 центнерден айналды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы жиналған өнім 34247 тоннаға ұлғайып отыр.

Мал шаруашылығында 2016 жылдың 1 қарашасында өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда ІҚМ саны - 6,2%-ға, қой мен ешкі саны - 2,1 %-ға, жылқы - 2,6%-ға, түйе 0,9 %-ға өскен.

Ауыл шаруашылығының барлық санаттарында 6,8 мың тонна ет өндірілген, бұл 2015 жылдың қаңтар - қазанына қарағанда - 26,0%-ға, сүт - 24,9 мың тоннғаа, жұмыртқа 1,52 млн данаға артық.

«Меркі асыл тұқым зауыты» АҚ-ның 62,5% акциясының бақылау пакетін иеленген «Агростан» ЖШС шаруашылықтың дамуына 2 млрд 207,6 млн теңге инвестиция салмақшы. Дүниежүзілік стандартқа және заманауи үлгідегі технология талабына сәйкес келетін 3000 бас ірі қара малға арналған малға азық беру алаңы құрылысын жүргізуде. Осы агрокешен құрылысы бойынша 600 басқа арналған карантинге қойылатын мал қорасының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

«Аймақтық мастер сүт кластерін» құру бойынша ауданның 42 шаруа қожалығы топтастырылған «Меркі өнімдері» ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативі құрылып, аудандық әділет басқарамасынан тіркеуден өтті. Бүгінде сүтті ірі қара мал алу жұмыстары жүргізілуде», - деп қорытты аудан әкімі.




Яндекс.Метрика