Халықаралық интеграция

Рио-де-Жанейрода «Бразилия – Қазақстан» сауда-өнеркәсіптік палатасы ашылды

Бразилияның астанасы Рио-де-Жанейрода «Бразилия – Қазақстан» алғашқы сауда-өнеркәсіптік палатасының ашылу рәсімі өтті.
Әлемде 30 Қараша, 11:32

Іс-шараға Бразилия Ұлттық конгресінің депутаттары, энергетикалық, заң, аудиторлық және банк құрылымдарының басшылары, Бразилиа федералды округінің, Сан-Пауло, Рио-де-Жанейро және Байя штаттарының салалық қауымдастықтары мен іскерлік топтарының өкілдері, шетелдік дипломаттар мен БАҚ қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.

Палата президенті, «Pereira Viana» компаниясының басшысы Кассиано Виана рәсімді аша отырып, сауда-өнеркәсіптік палатасының ашылуын екі елдің өзара қарым-қатынастары тарихындағы тарихи оқиға деп атады және Қазақстан мен Бразилия өз өңірлерінің сөзсіз көшбасшылары болып табылатынын атап өтті.

Сауда-өнеркәсіптік палата бар экономикалық және инвестициялық әлеуетті іске асыру үшін екі елдің кәсіпкерлері арасында әріптестік қарым-қатынастар жасауға ықпал етеді. 





Яндекс.Метрика