ҚР Тұңғыш Президентінің Күні

Ақмола облысында жетім балалар мен жас отбасылар жаңа пәтерлерге ие болды (ФОТО)

Ақмола облысында Тұңғыш Президент күні қарсаңында жетім балалар, жас отбасылар және бюджет саласының қызметкерлері жаңа пәтерлер кілтіне ие болды.
Ақмола 30 Қараша, 17:51

Облыс әкімі Сергей Кулагин «Сарыарқа» шағын ауданындағы екі 45 пәтерлі тұрғын үйлердің жаңа пәтер иелеріне кілттерді табыс етті. Мемлекеттік мейрамдар қарсаңында қоныс тойын ҰОС ардагерлері, жетім балалар, жас отбасылар және тұрғын үй құрылыс жинақ және басқа бағдарламалар бойынша салым салушылар тойлайтын болады.

«Мемлекет басшысы саясатының негізгі бағыттарының бірі әрбір қазақстандықты өз пәтерімен немесе үйімен қамтамасыз ету. Осы мақсаттарды іске асыру үшін «2020 жылға дейінгі өңірлерді дамыту», «Қолжетімді тұрғын үй 2020», «Нұрлы жол», «Жас отбасыларға арналған тұрғын үй» сияқты тиісті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды» - деді өңір басшысы салтанатты шара барысында.

Облыста «Сарыарқа» жаңа шағын ауданының құрылысы жалғасуда. Үш жыл ішінде 20 тұрғын үй салынып, 755 отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Бұдан бөлек, тұрғындарға қолайлы болу үшін мұнда балабақша, өрт депосы салынған, сондай-ақ 900 орынға арналған мектеп құрылысы басталған. 





Яндекс.Метрика