Халықаралық интеграция

Малайзияда Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктері таныстырылды (ФОТО)

Куала-Лумпурда Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі «MATRADE» сыртқы сауданы дамыту жөніндегі малайзиялық корпорациясымен бірлесіп, «KTZ Express» АҚ мультимодальдық компаниясы өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның көлік-логистикалық мүмкіндіктерімен таныстырды.
Әлемде 30 Қараша, 10:53

Іс-шара аясында «KTZ Express» АҚ атқарушы директоры Сергей Анашкин Қазақстанның көлік-логистикалық инфрақұрылымы мүмкіндіктерін таныстырды, елде және шет елдерде жүктерді шоғырландыру және дистрибуциясы қағидаты бойынша ішкі және сыртқы терминалдық желіні дамыту бағыттары туралы айтып берді, деп хабарлады ҚР СІМ.

Ол Шығыс-Батыс трансконтиненттік дәлізін құруда Ляньюнган портындағы бірлескен қазақстан-қытай терминалының рөлін атап өтті және порттың қолайлы географиялық орналасуы, Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі қалаларымен реттелген теміржол және теңіз коммуникациялары Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбекке интеграциясына ықпал ететінін айтты.

Сондай-ақ, ол Қазақстанның «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасымен және Қытайдың «Бір белдеу – бір жол» бастамасымен айқындалған жобаларды іске асыру аясында 2020 жылға қарай Шығыс – Батыс бағыты бойынша жоғарыда аталған терминал арқылы транзиттік ағымдарды 2,2 млн контейнерге дейін ұлғайту үшін едәуір әлеуеттің бар екенін хабарлады.

«Кездесу қорытындылары бойынша «KTZ Express» АҚ және Малайзияның көлік компаниялары мен экспорттаушылары арасында анағұрлым тығыз ынтымақтастықты реттеу туралы келісулерге қол жеткізілді», - делінген хабарламада. 





Яндекс.Метрика