Адами капитал

Н. Ермекбаев Астанадағы жастар форумының делегаттарымен кездесті (ФОТО)

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласында үшкүндік республикалық форум аясында Қазақстанның белсенді жастарымен кездесті.
Астана қаласы 29 Қараша, 20:23

«Делегаттарға арналған боулинг, теннис, тимбилдинг бойынша конкурстар, сондай-ақ, концерттік шоу-бағдарламалар ұйымдастырылды. Жеңімпаздарға естелік сыйлықтар ұсынылды», - деп хабарлады Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі.

Ведомствода хабарлағандай, ағымдағы жылғы 30 қараша және  1 желтоқсан аралығында Астана қаласында Қазақстанның 25 жылдық мерейтойына арналған Республикалық жастар форумы өтеді.

Форумның бағыты - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жыл ішінде жастар мен жастар саясатының жеткен жетістіктерін көрсету, қазақстандық жастардың «Қазақстан - 2050» стратегиясының міндеттеріне жету жолында жұмылдыру, Мәңгілік Ел құндылықтары аясында жастарды біріктіру.





Яндекс.Метрика