Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Израиль ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты талқылады

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов Израильдің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Михаэль Бродскиймен кездесті.
Астана қаласы29 Қараша , 18:53

Рrimeminister.kz хабарлағандай, тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастық бойынша маңызды сұрақтарды талқылады.

Кездесу барысында қазақстандық тарап ғылым саласына жаңа тұқым сұрыптарын еңгізу және Израль мен Қазақстан мемлекеттерінің аграрлық ғылыми-зерттеу институттары арасында байланыс орнату бойынша бірқатар ұсыныстар білдірді.

Ынтымақтастық аясында «Үшқоңыр» білім  беру орталығы базасында 2015 жылы тамшылатып суаратын демонстрациялық алаңның ашылуы болып өтті. Алаңның мақсаты ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне тамшылатып суару технологияларын тәжірибеде қолдануды оқыту және кеңес беру болып табылады.

Еске салсақ, 2015 жылы Қазақстан және Израиль арасындағы тауар айналымы 6 236,5 мың долларды құрады. Қазақстан Израильге кептірілген балықты жеткізуші болса, Израиль Қазақстанға гүл жеткізуші болып отыр

 




Яндекс.Метрика