Өңірлер

А.Мамин Ақтөбе облысының бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорындарында болды (ФОТО)

ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында өнеркәсіптік әлеуеті бар бірқатар ірі кәсіпорындарда және басқа да нысандарда болды.
Ақтөбе 29 Қараша, 18:12

Ол Индустрияландыру картасының ең ірі жобаларының бірі «Ақтөбе рельс-арқалық зауыты» ЖШС-да болды.

А. Маминге шығарылатын өнім үлгілері көрсетіліп, технологиялық процесс таныстырылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.

Зауытты қарау кезінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасарына өңірде индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндалды. 2010-2015 жылдары және 2016 жылдың 1-ші жартыжылдығында Индустрияландыру картасы аясында құны 523 млрд теңгені құрайтын 83 жоба енгізіліп, 7,6 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылған.

Индустрияландыру картасының тағы бір жобасы «Каспий плюс» ЖШС өндірістік-өнеркәсіптік кешені болып табылады. Бірегей кәсіпорын тау-кен және өндіру өнеркәсібі үшін әр түрлі бекіткіш бұйымдар өндірумен айналысады. Нысан 2015 жылдың екінші жартысында пайдалануға берілген.

Жалпы, ағымдағы жылғы 10 ай ішінде өңірдің өнеркәсіптік өнімінің көлемі 959,7 млрд теңгені құраған. Соның ішінде өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,9%-ға өскен.  





Яндекс.Метрика