Өңірлер

БЖК: Жамбыл облысында субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 543,9 млн теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылған

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 543,9 млн теңгені құрайтын 14 жоба іске асырылды, деп хабарлады Меркі ауданының әкімі Мейірхан Азатұлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында.
Жамбыл29 Қараша , 19:56

«Шағын және орта бизнес саласында 5141 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда 12579 адам жұмыс істейді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,0 пайызға артты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында банк несие пайызының бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 543,9 млн теңгені құрайтын 14 жоба іске асты» - деді ол.

Сондай-ақ, аудан бюджеті 2016 жылдың 1 қарашасына аудан бюджеті кірістері бойынша 8 млрд 292,3 млн теңгеге немесе жоспар бойынша 101,5%-ға, өзіндік кірістер - 939,8 млн теңгеге (115,3%), трансферттердің түсімдері бойынша - 7 млрд 352,5 млн теңгеге (100,0%) орындалды.

2016 жылдың қаңтар-қазанында аудан бюджетінің шығындары 8 млрд 216,6 млн теңгені (жоспар бойынша 98,8%) құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,1%-ға өскен, оның ішінде білім саласындағы шығындар - 19,7%-ға, әлеуметтік көмек пен қолдау саласында 12,9%-ға ұлғайған.

Сонымен қатар, брифинг барысында аудан басшысы салық мәселесінде айта өтті. 2016 жылдың қаңтар-қазанында мемлекеттік бюджетке 1 млрд 748,7 млн теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 119,3 %. Республикалық бюджетке түсімдер 271,0 млн теңгені (118,6%), облыстық бюджетке - 537,9 млн теңгені (127,4%), аудандық бюджетке - 939,8 млн теңгені (115,3%) құрады.




Яндекс.Метрика