Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Латвия парламенттері екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады (ФОТО)

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Икрам Адырбеков Латвия Республикасы Сеймі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Оярс Калниньшпен екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Астана қаласы 29 Қараша, 17:54

О.Калниньш тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстан қол жеткізген табыстарды жоғары бағалады.

Сенатор И.Адырбеков «Нұрлы жол» бағдарламасы, Қазақстанның көлік-транзит әлеуеті туралы хабардар етіп, латвиялық кәсіпкерлерді индустриялық-инновациялық даму және инфрақұрылымдық мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға қатысуға шақырды.

Әңгіме барысында Латвия Сеймі Халықаралық істер жөніндегі комитетінің төрағасы Ригада Қазақстан елшілігін ашу туралы өтініш айтты. Дипломаттың пікірінше, бұл достық қатынастарды нығайтуға және сауда-экономикалық ынтымақтастықты үдетуге ықпал етеді.





Яндекс.Метрика