Өңірлер

Меркі ауданында 156,3 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасының 57 бірлігі сатып алынды

Жамбылда 156,3 млн теңгеге ауыл шаруашылығы техникасының 57 бірлігі сатып алынды, деп хабарлады Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Жамбыл30 Қараша , 09:34

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылға мүйізді ірі қара малдын 484 бас аналығын сатып алу жоспары белгіленген болатын. Есепті кезеңде 562 бас сиыр сатып алынды немесе жоспар 116,1%-ға орындалған.             «Алтын асық» кешенді бағдарламасы бойынша 2016 жылға 3075 бас қой сатып алу жоспарланған, есепті кезеңде 15450 бас  қой сатып алынған, жоспар 502,4 %-ға орындалған.

«Құлан» жылқы шаруашылығын дамыту кешенді бағдарламасы бойынша 2016 жылға 400 бас жылқы сатып алу жоспарланған, есепті кезеңде 620 бас жылқы сатып алынып, жоспар 155,0 %-ға орындалып отыр.

Бұдан бөлек, есепті кезеңде 156,3 млн теңгеге әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасының 57 данасы сатып алынды.

Сондай-ақ ветеринария мәселесін мәлімдеген өңір басшысы, 2016 жылы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды, диагностикалық тексерулерді жүргізу үшін мемлекет тарапынан 88,7 млн теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңде 87,3 млн теңгесі игерілгенін айтып өтті.




Яндекс.Метрика