Басқару

ҚР Президенті республикалық және облыстық бюджеттер арасындағы трансферттер көлемдері туралы заңға қол қойды

Мемлекет басшысы «Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қала, Астана бюджеттері арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы29 Қараша , 17:19

Заң Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес әзірленген және республикалық бюджет пен астананың, Алматы қаласының және облыстардың бюджеттері арасындағы бюджетаралық қатынастарды реттеуге бағытталған.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке түсетін кепілдік берілген трансферттің көлемін бекітетін «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2017-2019 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойды.




Яндекс.Метрика