Қазақстанның Тәуелсіздігіне 25 жыл

Қазақстан әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге едәуір үлес қосуда – сарапшы

Қазақстан әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге едәуір үлес қосатын халықаралық қоғамдастық көшбасшыларының бірі болып табылады, деді РФ Федералды Жиналыс Мемлекеттік Думасы төрағасының орынбасары Владимир Васильев Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған конференция аясында.
Астана қаласы29 Қараша , 16:39

«Қазақстан әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге едәуір үлес қосатын халықаралық қоғамдастық көшбасшыларының бірі болып табылады. Бұл жетістіктер – Қазақстан халқының, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи еңбегі. Ресей мен Қазақстанды көп ғасырлық ортақ тарих біріктіреді. Біз көрші елдер бола отырып, экономикалық және әлеуметтік даму саласындағы ауқымды міндеттерді бірге шешеміз. Кез келген қиындықтарды бірге жеңеміз, біздің қарым-қатынастарымыз стратегиялық ынтымақтастық сипатына ие болды»,  - деді В. Васильев.

Сарапшының айтуы бойынша, елдердің өзара түсіністігінің жаңа деңгейіне шығуын 2014 жылы күшіне енген «ХХІ ғасырдағы ынтымақтастық және достық көршілестік туралы» ҚР мен РФ арасындағы шарт дәлелдейді.

«Қазақстан 25 жыл ішінде қазіргі заманның, өңірлік қауіпсіздіктің жаһандық мәселелеріне қатысты сыртқы саяси бастамалармен белсенді түрде сөз сөйледі», - деп қосты В. Васильев.

Спикер Ресей және Қазақстан қазіргі әлемнің көптеген проблемалары бойынша позицияларын үйлестіретінін атап өтті.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика