Парламент

Мәжілісте өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мәселелері талқыланды

Мәжілісте «Өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғаудың, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдаланудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел болды.
Астана қаласы29 Қараша , 15:58

Алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер комитетінің екінші сессиясына арналған жұмыс жоспарына сайкес өткен іс-шараның мақсаты - флора мен фаунаны сақтау, сондай-ақ оларды қорғау, өсімін молайтудың және олардың объектілерін орнықты пайдалану бойынша қабылданатын шаралардың тиімділігін арттыру болып табылады.

«Қоршаған ортаның сапасын жақсарту үшін және адам әсерін азайту мақсатында өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын орнықты пайдалану, оларды қорғау және өсiмiн молайту үшін кешенді іс-шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет»,- деген комитет төрағасы.

Аталған құжат бойынша ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Ерлан Нысанбаев баяндама жасады.

Республикада осыған қоса, басқа бағалы балық түрлерінің өсімін молайту жұмыстары да жүргізілуде. Жыл сайын мемлекеттік балық өсіру кәсіпорныдармен су айдындарға 168,4 млн. дана жасанды өсірілген бағалы балық түрлерінің шабақтары жіберіледі.

Отырысты заң жобасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Роман Ким қорытты.




Яндекс.Метрика