Үкімет

ҚР Премьер-Министрі АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жыл соңына дейін бекітуге енгізуді тапсырды

ҚР Үкіметінің кезекті отырысы барысында мемлекетті дамыту мен жаңғыртудың анағұрлым басым бағыттарының екі маңызды мәселесі қаралды. Бұл АӨК дамытудың алдағы 5 жылға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасы мәселесі және өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік жаңа бағдарламасын іске асыру. Отырыс қорытындылары бойынша ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жыл соңына дейін бекітуге енгізуді тапсырды.
Астана қаласы29 Қараша , 14:32

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасымен таныстыра келе, жаңа жаһандық шындық жағдайларында аграрлық секторды жылдам дамытуға негізгі көңіл бөлінетінін және алдағы 5 жылда АӨК қазақстандық экономиканың локомотивіне айналу үшін барлық мүмкіндіктерге ие екенін атап өтті.

Оның айтуы бойынша, бағдарламаның негізгі мақсаты нарықтарда талап етілетін, бәсекеге қабілетті АӨК өнімінің өндірісін қамтамасыз ету болмақ, оны іске асыру үшін 500 мыңнан астам жеке қосалқы және ұсақ фермерлік шаруашылықтар үшін ауыл шаруашылығы кооперацияларын құру, мал шаруашылығы тиімділігін - 40%ға және өсімдік шаруашылығын 30%-ға арттыру сияқты бірқатар міндеттер бағытталған.

Сонымен бірге, А. Мырзахметов хабарлағандай, өнімді сыртқы нарықтарға ілгерілету кезінде отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау мақсатында АӨК Экспорт орталығын құру жоспарланып отыр.  

«Орталық ауыл шаруашылығы өндірушілерінен форвардтық сатып алуды, сыртқы нарықта талап етілетін өнім үшін экспорттық каналдар ашуды, «КZ ORGANIC FOOD» қоса алғанда отандық брендтерді ілгерілетуді, сыртқы нарықтарды талдауды және өткізудің перспективалы елдері үшін жол карталарын құрастыруды жүзеге асырады. Бұдан басқа, Орталық экспорттық тауашаларды іздеумен, сондай-ақ отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің экспорттық келісімшарттарын саудалық қаржыландырумен және сақтандырумен айналысатын болады», - деп ақпараттандырды министр.

Сондай-ақ, Үкіметтің АӨК дамыту жөніндегі жаңа мемлекеттік бағдарламасы ауыл тұрғындарының қаржы ресурстарына қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Осыдан басқа, мемлекеттік бағдарлама аясында мал шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын жетілдіру, сондай-ақ өсімдік шаруашылығын субсидиялау тиімділігін арттыру көзделеді.

Үкімет отырысында қаралған екінші мәселе өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік жаңа бағдарламасын әзірлеу мәселесі болды.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова жаңа бағдарламаның негізгі мақсаты – өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыз және біліктілігі жоқ адамдарды өнімді қызметке тарту.

«15-24 жастағы жастар үшін техникалық және кәсіптік оқыту негізінде алғашқы жұмысшы кәсібін алу мүмкіндігі беріледі. ҰБТ тапсырмаған 21 мыңға жуық мектеп түлегін, оқу орындарына түсе алмаған жастарды және төмен отбасылардан шыққан жастарды қамту жоспарланып отыр. Оқыту мерзімі 2,5 жыл. Шығыстарға оқытуға, шәкіртақыға және бір рет тамақтануға жұмсалатын шығыстар кіреді», - деп хабарлады Т. Дүйсенова.

Бағдарламаның екінші бағытына сәйкес, 25-44 жастағы адамдар екінші кәсіп алу мүмкіндігіне ие болады. Олар үшін Ұлттық кәсіпкерлер палатасының оқу орталықтары, колледждері негізінде қысқа мерзімді дуальды оқыту курстары ұйымдастырылады. Дуальды оқыту жұмыс орнында тәлімгермен бірге жүргізіледі және оқыту уақытының 40-50%-ын алады. Тәлімгер өндіріс жұмысшысы ғана емес, сонымен қатар нақты кәсіппен айналысатын жеке кәсіпкер де бола алады.  

Осылайша, Үкімет отырысының қорытындылары бойынша, Б. Сағынтаевтың министрлер кабинеті агроөнеркәсіп кешенін одан әрі жаңғырту бойынша негізгі мақсаттарды, міндеттерді және бағыттарды айқындады. ҚР Премьер-Министрі министрлер кабинетіне АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы бойынша барлық дайындық жұмыстарын жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды.  

Екінші мәселеге қатысты, Премьер-Министр мемлекет оқыту арқылы тұрақты жұмыс орындарына көшетінін және жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал ететін жеке істі ашуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Индира Қауметова




Яндекс.Метрика