Білім беру әдістемелерін жаңғырту

2014 жылдың соңына дейін Назарбаев зияткерлік мектептерінің саны 20-ға жетеді

Қазіргі таңда елімізде 15 Назарбаев зияткерлік мектебі бар. 2014 жылдың соңына дейін оларды 20-ға жеткізу жоспарланып отыр, деп мәлімдеді Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов.
Казахстан10 Желтоксан , 12:09

Министрдің айтуынша, осы мақсатта 21 ғасыр салалық білім беру дамуының бағдарламасы дайындалды. Онда әлеуметтік жобаларды қолдана отырып тәрбиелеу жұмыстары жасалады.

Сонымен қатар оқушыларды білімге талпындаруға бағытталған оқушылардың білім деңгейін бағалаудың жаңа жүйесі құрылды.

Бұдан бөлек Қазақстанда үш тілді білім беру жүйесі дайындалуда.

«Осыдан бір апта бұрын қазақ тілді емес мекептерде қазақ тілінің оқытуды арттыру туралы бұйрыққа қол қойдым», - деді еліміздің бас ұстазы.

Оның айтуынша, интеллектуалды мектептер онлайн-сабақтар мен семинарларды еркін қолданбақ. Сонымен қатар, шеберлік сыныптары, әдістемелік жұмыстар, тәжірибелер де мектептің базасында ұйымдастырылмақ.

Кембридж университетімен бірігіп біліктілік арттырудың жаңа деңгейлік жүйесі енгізілді. Қазіргі таңда осы арқылы 22 мың ұстаз біліктіліктерін арттырды.

«Біз алдағы уақытта да үздік әлемдік жүйелерді енгізуді тоқтатпаймыз», - деді министр.




Яндекс.Метрика