Үкімет

20 мыңнан астам жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар жыл сайын жаңа бағдарлама бойынша жұмысшы мамандықтарына оқи алады

Жыл сайын мамандығы жоқ 21 мың бала 11 сыныпты аяқтағаннан кейін тікелей еңбек нарығына шығады. Мұндай адамдардың саны қазір 100 мың адамға жеткен. Бұл жөнінде білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ҚР Үкіметінің отырысы барысында хабарлады.
Астана қаласы29 Қараша , 12:13

«9 сыныптардан соңғы үш жыл ішінде орта есеппен 220 мың адам шығарылған, оның 135 мыңы ЖОО-ға бағдарланған мектептерде қалған. Тағы 33 мың бала 11 сыныптан кейін колледждерге түскен. Колледждерге жыл сайын 120 мың бала түседі. Жыл сайын мамандығы жоқ 21 мың бала  11 сыныпты аяқтағаннан кейін тікелей еңбек нарығына шығады. Мұндай адамдардың саны қазір 100 мыңға жеткен. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, олар үшін тегін кәсіптік-техникалық оқыту бағдарламасын әзірлеп, онымен 21 қазанда Үкімет отырысында таныстырған едік», - деді министр.

Өнімді жұмыспен қамту және бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы аясында қосымша жұмыссыздар және табысы айына 60 мың теңгеден төмен болатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар жұмысшы мамандықтарымен қамтылған. ҚР ҰЭМ деректері бойынша жыл сайын 20 мың адамды курстармен қамту жоспарланып отыр.

 

 




Яндекс.Метрика