Халықаралық интеграция

Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды (ФОТО)

ҚР Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Польшаның Краков қаласында Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 29 Қараша, 14:53

Қазақстанның Польшадағы елшісі Алтай Абиболлаев польшалық өңірлердің Қазақстанмен ынтымақтастығын одан әрі нығайту бойынша басты басымдықтарын атап өтіп, Құрметті консул  Виеслав Халухаға консулдық патентті табыс етті.

Польша Президенті Кеңсесінің Халықаралық істер жөніндегі мемлекеттік хатшысы Кшыштоф Шчэрский мемлекет басшыларының деңгейіндегі қарым-қатынастың жоғары динамикасын атап өтті. Оның айтуы бойынша, Польша мен Қазақстан арасындағы саяси-экономикалық ынтымақтастық белсенді дамып келеді. Қазақстанның Краковтағы Құрметті консулдығы мекемесі біздің елмен әріптестік қарым-қатынастарды тереңдетуге ықпал етеді.  

Қазақстан Республикасының Краковтағы Құрметті консулы В. Халуха өз сөзінде Қазақстанды Польшаның оңтүстігінде танымал ету, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын қорғау, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты нығайту үшін барынша күш салатынын мәлімдеді.

СІМ атап өткендей, Краков – Польшада көлемі жағынан Варшавадан кейінгі екінші қала, Польшаның ең ірі экономикалық, ғылыми және мәдени орталықтарының бірі болып табылады.





Яндекс.Метрика